«Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицей» КММ 2025 жылғы 6 наурыз күні көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде керемет мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шараның басында мектеп директоры Касенова Бикеш Жанұзаққызы құттықтау сөзін айтып, Республикалық семинарда тәжірибесімен бөліскен ұстаздарды және мектеп өміріне белсене араласатын «Қамқоршылық кеңесі» мүшелері: Тажимуратова Маржан
Асау Бараковна мен Кожахметова Вильдана Багадатовнаны; «Ата-аналар комитеті» мүшелерінен Ізтлеуова Мөлдір Бауыржанқызын марапаттады. Бұл іс-шарада оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ұстаздар мен аналарға, әжелеріне деген шынайы алғыстарын білдірді.
Концертке «Әжелер кеңесі» де шақырылды. Іс-шара барысында оқушылар ана мен ұстаз туралы жүрекжарды өлеңдер оқып, әсем әндер орындады. Сондай-ақ көрермендерге ұлттық және заманауи билер ұсынылды. Әсіресе, бастауыш сынып оқушыларының орындауындағы билер көпшіліктің көңілінен шықты.
Бұл мерекелік шара барлық қатысушыларға қуаныш пен жылулық сыйлады. Осындай тамаша кеште өнер көрсеткен оқушыларға, мектебіміздің ер азаматтарына және белсенді қатысқан ата-аналарға үлкен алғысымызды білдіреміз!
✨ Барша аналар мен аруларға мейірім мен қуаныш тілейміз! Көктемгі мерекелеріңіз құтты болсын! ✨