КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ
6 қараша күні М.Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінің 9-сынып оқушылары «Алагеум-электрик» электр зауытына экскурсияға барды. «Alageum Electric» – Қазақстанның ірі электр техникалық компаниясы, электр энергетикасы, электр машина жасау және құрылыс салу саласында әрекет ететін 30-дан астам кәсіпорындар мен зауыттарды қамтиды. Кәсіпорынға экскурсия жасау барысында зауыт өкілі студенттерге зауыттың тарихы мен қауіпсіздік ережесімен таныстырып өтті. Кейін жұмыстың негізгі кезеңдерін көрсетіп, өндірістік процестің жұмыс қырларын ашық көрсетті. Оқушылар қойған сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар алды.