КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ
Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында мектебімізге түлекке көмек беру мақсатында Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті бірнеше кафедраның өкілдері келді.11-сынып оқушыларына аталған оқу орнындағы кафедралар мен ондағы мамандықтар таныстырылып, оқу орны туралы көптеген ақпараттар айтып, оқушылардың қызығушылығын арттырды. Бұл мамандықтар бойынша өз еркімен оқуға түсем деген оқушылардың пікірі тыңдалды. Кездесу барысында видеороликтер көрсетіліп, буклеттер таратылды.