20 сәуірде эстетикалық цикл онкүндігі аясында «М.Жұмабаев атындағы ІТ- мектеп – лицейі» КММ оқушылары Бескөл кентіндегі қарттар үйіне барды. Мақсаты: жас ұрпақты адамгершілік қасиеттер мен мейірімділікке тәрбиелеу. Оқушылар қарттарға арналған қызықты концерт дайындап апарды. Кейін концерт кейін қызықты және жылы әңгіме ұласты. Балалармен бірге Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Р. К. Искакова барып, қарт адамдарға азық-түлік табыстады.