Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейі Қарттар және ұрпақтар ынтымақтастығы мерекесін бастап кетті. Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Ал, даналықтың алтын кілті - ата-бабамыз. Бұл - ата жолын жалғап келе жатқан асқақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің мерекесі. Осы орайда, 25 қыркүйек күні мектебімізде таңертеңнен бастап оқушылар тілек ағашына ата-әжелеріне деген ыстық ықылас, тілектерін жазды. Мектеп ұжымы Қарттар күніне байланысты апта бойы болатын іс-шаралар жоспарымен танысты.