2023 жылдың 21 ақпанында «М.Жұмабаев атындағы ІТ мектеп – лицейі» КММ-де «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Мақсаты: оқушыларды қауіпсіз мінез-құлықтың қажетті ережелеріне тәрбиелеу бойынша ата-аналардың, заңды өкілдердің назарын аудару.
Жалпы мектептік ата-аналар жиналысына 0-сыныптан бастап 11 сыныпқа дейінгі оқушылардың 220 ата-анасы қатысты (әр сыныптан 3-4 өкілден.)
Жиналыстың күн тәртібі:
1.Мектеп директоры Разея Ескендырқызы Қасымованың кіріспе сөзі
2. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары мен қылмыстарының алдын алу. Ювеналды полиция инспекторы, капитан Мұқанова Динара Ерсайқызы сөз сөйледі.
3. «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - бәрімізге ортақ қамқорлық». Директордың ТЖ жөніндегі орынбасарлары А.С. Рамазанова, Е. Н. Чернова сөз сөйледі.
4. «Балалардың агрессиясы: оның себептері және алдын алу» педагог-психологтар А. А. Молдабаева, Г. Е. Жүсіпова.
Ата-аналардан сөйлеушілердің әрқайсысына нақтылау және өзекті сұрақтар келіп түсіп жатты, олар сол жерде бірлесіп шешілді.
1.Ата-аналар сабақтан тыс іс--рекеттерін және баланың кешкі уақыттағы режимдік сәттерін бақыласын. (Жауапты: сынып жетекшілері);
2.Кез келген өмірлік жағдайларда балалардың өмірі мен қауіпсіздігін сақтау үшін жағдай жасау;
(Жауапты: мұғалімдер, сынып жетекшілері, ата-аналар)
3.Балаларды тәрбиелеуде әртүрлі жағдайларда өзін-өзі бақылау туралы жадынамаларды басшылыққа алу.
(Жауапты: сынып жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар)
4. Сынып жетекшілері ата-аналарымен бірлесіп оқушылардың мектеп формасын сақтаулары бойынша жұмыс жүргізсін.
(Жауапты: сынып жетекшілері, ата-аналар)
5. Сынып жетекшілері ата-аналарымен бірлесіп оқушыларды біріктіруге арналған сыныптық іс-шараларының санын көбейтсін.
(Жауапты: сынып жетекшілері, ата-аналар)