Мектеп- лицей ұжымы Петропавл қаласында орналасқан «Оқушылар сарайымен» МКҚК серіктестік орнатып, тығыз байланыста жұмыс жасайды. Осы серіктестіктің нәтижесінде Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейі IT бағыттары, робототехника бойынша қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадаларға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап өтсек:
-2022 жылы мектеп оқушылары " IT- Stars 2022 " III халықаралық жастар фестиваліне 10 -сынып оқушысы Есмағамбет Темірлан және 9- сынып оқушысы Қошқарбаев Әлішер қатысып, сертификат алды.
-2022 жылы Астана қаласында Astana IT University университетінде Халықаралық STEM олимпиадасы өтті. Осы олимпиаданың қорытындысы бойынша Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінің командасы 250 команданың ішінен 8-орынға ие болды.
-2022 жылы 11-сынып оқушысы Әбдіқалықов Мадияр "Жастар шығармашылы-2022"облыстық техникалық өнертабыстар байқауында диплом мен арнайы сыйлыққа ие болды.
- Бағдарламалау бойынша Хакатон, М. Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицей командасы, 2-дәрежелі диплом жеңімпаздары, 2022 жыл.
-Бағдарламалау, графикалық дизайн, 3D модельдеу бойынша "LOCAL Hack DAY-2022" Хакатон, М.Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицей командасы жеңімпаз дипломы, 2022 жыл.
-"IT Challenge" ITбағытының онкүндігі аясында ұйымдастырылған бағдарламалау, графикалық дизайн, 3D модельдеу бойынша "LOCAL Hack DAY-2022" Хакатон жеңімпаздары:
I дәрежелі диплом жеңімпазы - Әбдіқалықов Мадияр.
II дәрежелі диплом жеңімпаздары - Әбдіқалықов Мадияр және Дюсембеков Дамир.
II дәрежелі диплом жеңімпазы- Сағындықов Елдар.
-«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар республикалық байқауының облыстық кезеңінде Хамит Дамир және Женис Нурсултан 2-орынды иеленді.
-«Большие вызовы» ғылыми- техникалық жобалар байқауының облыстық кезеңінде Хамит Дамир 3-орынды, Сагындыков Елдар 1-орынды иеленді.
-Облыстық IT- технологиялар көрмесіне Хамит Дамир және Мағжан Асылхан қатысып, жетістіктері үшін Алғыс хатпен марапатталды.
-Жаратылыстану- математика бағытындағы «Юниор» олимпиадасында математика пәнінен Манайдарова Жания 2- орынды иеленді