21 қараша күні Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінде ағылшын тілі апталығы аясында 8 сынып оқушылары арасында «Harry Potter quiz» викторинасы өтті. Жарысқа 16 оқушы қатысты, олар жеребе тарту арқылы 4 топқа бөлінді: Gryffindor, Hufflepuff, Ravenclaw и Slytherin. Байқау 3 турдан тұрды, онда оқушылар фильмнің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берді, логика, зейінділік және ағылшын тілін білу бойынша тапсырмаларды орындады. Жеңіске Мейрам Тамерлан (8D), Ақатай Дарина (8Г), Есенгелдина Дияра (8Б) және Арыстан Дінмұхаммед (8Б) кірген Slytherin командасы ие болды.