14 сәуірде 4 «В» сыныбының оқушылары СҚУ жанындағы обсерваторияға "Ғарышқа саяхат" ортақ тақырыптар аясында саяхатқа барды. Саяхат барысында оқушыларға танымдық қызығушылықтарын дамыту мақсатында, жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру үшін обсерваторияда "Ғарыш әлемі" тақырыбында бейнебаян көрсетілді. Жұлдыздар әлемімен таныстырды. Саяхаттың соңында викториналық сұрақтар қойылды. Саяхат оқушыларға өте ұнады.