Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейінде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Халықаралық Ғарышкерлер күні" мерекесіне орай кітапханада ғарыш әлемі, ғарышкерлер күні туралы мағлұмат беру, ғарыш әлеміне саяхат арқылы ғарыш ғажаптарын ұғындыру, ғарыштың адам өміріндегі маңызы туралы білімін тереңдету мақсатында "Ғарыш әлемі" атты кітаптар көрмесі мен презентация ұсынылды. Іс-шара барысында балалар ғарышкерлікке тарихи сапар жасап, адамның алғаш рет ғарышқа ұшуы туралы, ғарышты игеруге өз үлесін қосқан қазақстандық ғарышкерлер туралы мәлімет алды.
Іс-шара соңында оқушылар кітап көрмесінде ұсынылған кітаптармен танысты, сұрақтарға жауап берді, жұмбақтарды шешті.