2023 жылдың 3 ақпан күні Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейінде 7-сынып оқушылары арасында «Ғаламторсыз бір күн» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты оқушыларға ғаламтордың пайда болуы туралы ақпарат беру, ғаламтордың пайдасы мен зияны туралы білу, оқушылардың бос уақытын тиімді, дұрыс ұйымдастыруға үйрету болды. Іс-шараның барысында оқушылар түрлі тапсырмалар орындады, танымдық ақпаратпен танысты. Оқушылар белсенді жұмыс жасады.