2023 жылдың 1 наурызында 8-9 сынып оқушылары арасында физика пәнінен облыстық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілген болатын. Ұйымдастырылған олимпиадаға Мағжан Жұмабаев атындағы IT- мектеп- лицей оқушылары да қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап өтсек,
9-сынып оқушысы Сұлтан Диар 1-орынды иеленді. Олимпиада нәтижесі бойынша облыстық кезеңге Сұлтан Диар өтті. Диарға облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!
8-сынып оқушысы Сейтказиев Алибек 2-орын жүлдегері атанды.
Жүлдегерлерді дайындаған Сабыр Темір Ерболатұлына шығармашылық табыс тілейміз! Биік белестерді бағындыра беріңіз!