Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы » комуналдық мемлекеттік мекемесі «Петропавл қаласыының Білім бөлімі » комуналдық мемлекеттік мекемесі «Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінің» 23.06.2022 №144 жарғысы негізінде
5. Оқушыларды қабылдау, оқудан шығару және бітіру тәртібі
22. Коммуналдық мемлекеттік мекемеге қабылдау ата-аналардың не оларды алмастыратын тұлғалардың өтініші негізінде қабылданады.
Білім беру ұйымының басшысы оқушыларды мектеп-лицейге қабылдау кезінде білім беру қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес білім беру қызметтерін көрсету туралы балалардың немесе оқушылардың ата-аналарымен не басқа заңды өкілдерімен шарт жасайды.
23. Мекемеге қабылдау мыналар болған жағдайда жүзеге асырылады:
1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініштері;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін түпнұсқа, қайтарылады);
3) денсаулық жағдайы туралы No065-у нысандағы медициналық анықтама, 026 / у-3 нысаны «Бала денсаулығының паспорты»
4) 3х4 сандық фотосуреттер - 2 дана.
24. Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап қабылданады. 1-11-сыныпқа дейін жалпы білім беретін және лицей сыныптары қызмет жасайды. Лицей сыныптарына қабылдану үшін емтихандар күнтізбелік жылдың 15 маусымына дейін өткізіледі, мерзімдерін, нысандары мен міндеттерін мектеп-лицейі жеке анықтайды. Оқушылар тұрғылықты жеріне қарамастан, конкурстық негізде қабылданады.
Білім алушыларды жалпы білім беретін оныншы сыныптарға қабылдау Мекеменің Жарғысына сәйкес оқушылардың жеке өтініші немесе ата-аналарының не басқа заңды өкілдердің өтініші бойынша және негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты болған жағдайда жүзеге асырылады.
Білім алушыларды лицейдің оныншы сыныптарына қабылдау Жарғыға сәйкес оқушылардың жеке өтініші немесе олардың ата-аналарының не басқа заңды өкілдерінің өтініші негізінде және негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты болған жағдайда, қызмет ету аймағын қоспағанда жаратылыстану-математикалық не физика-математикалық пәндерді оқу бейіміне қарай тестілеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Білім алушылар қатарына қабылдау басшының бұйрығы негізінде жүргізіледі.
25. Оқушыларды топтан топқа, сыныптан сыныпқа ауыстыру ата-аналардың жеке өтініші бойынша бос орындар болған жағдайда мүмкін болады.
26. Білім алушыларды мекемеден шығаруға жол беріледі:
білім алушының білімін басқа оқу орнында жалғастыру үшін заңды өкілдерінің өтініші бойынша;
он алты жасқа толмаған балаларды ерекше жағдайларда білім беру ұйымының мемлекеттік басқару органы шешімімен заңсыз әрекеттер жасағаны үшін, мекеме жарғысын өрескел түрде және бірнеше рет бұзғанда.
27. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қорғаншылық және қамқоршылық органдарының келісімімен қабылданады.
28 Мекеме түлектерінің сыныптан сыныпқа көшу емтихандары мен қорытынды аттестаттау «Орта, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымды бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минимтрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін бақылаудың, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.