Еңбек күніне байланысты «Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейі» КММ-де «Менің жетістігім-менің нәтижем» тақырыбында пікірталас ойыны өтті. Мақсаты: Оқушылардың өзін - өзі анықтай алуына, алдына қойған мақсатына психологиялық жағынан көмек беру, жас жеткіншектердің болашақта тұлғалық дамуына жол ашу. Сонымен қатар, оқушылар «Еңбек дегеніміз не?», «Жетістікке жету үшін қалай еңбек ету керек?», т.б. көптеген сұрақтарға жарыса жауап беріп отырды. Өңіріміздегі кәсіби өскен маман иелерінің өміріне шолу жасалды. Оқушылар құнды мәлімет алды.