“Еңбек – адамның екінші анасы” демекші , еңбекке баулуды, мамандық таңдауды халқымыз ұрпағының бойына ерте жастан дарытқан. Мамандық, еңбек арқылы адам өзін табады, өсіп-өркендейді.
Осы мақсатта Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ- мектеп- лицейдің 3 “В” сынып оқушылары қаламызда орналасқан “Mebelwam” жиһаз цехына саяхатқа барды. Жұмыс барысымен цех қызметкерлері арнайы таныстырып, жиһаздардың жасалу жолдарын түсіндіріп, оқушыларға өз қолдарымен кейбір жиһаздардың бөліктерін жасатты. Оқушылар жұмыс барысына байланысты мәліметтерді қызыға тыңдап, тәжірибеде қолданғандарына риза боп қайтты. Соңынан цех ұжымы дәмді дастархан ұйымдастырып, әр оқушыға қатысушы дипломы мен тәттілер сыйлады. Саяхатқа шақырған мекеме басшысы А.А. Кожантаев пен цех ұжымына үлкен алғысымызды білдіреміз!