Эстетикалық бағыттағы пәндер апталығы аясында бастауыш сынып оқушылары үшін “Эмоцияларды ретімен орналастыру” атты қызықты ойын ұйымдастырылды. Бұл ерекше ойын үзіліс кезінде өтіп, балалардың есте сақтау қабілеттерін дамытып, зейін қою мен ұқыптылық дағдыларын жетілдіруге бағытталды. Ойын барысында оқушылар эмоцияларды дұрыс ретке келтіріп қана қоймай, сезімдерді тану мен түсінудің маңыздылығын ұғынды. Осындай танымдық ойындар балалардың эмоционалдық интеллектісін арттырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға септігін тигізеді.