Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ мектеп-лицейінде «Жаңа Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 10-сынып оқушылары арасында эковикторина өткізілді. Викторинаның мақсаты – балалардың экологиялық білімін тереңдету; табиғатқа деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру. Жұмыс барысында оқушылар өңіріміздегі экологиялық жағдайдың кейбір тұстарын зерттеп, белсенді азаматтық ұстанымдарын білдіріп, көңіл-күйлерімен бөлісіп, пікірлерімен алмасты. Бұл іс-шараның құндылығы: Өскелең ұрпақтың бойында табиғатты қорғауға деген құштарлықты қалыптастырып қана қоймай, адамгершіліктің негізін қалайтын экологиялық тәрбие.