Солтүстік Қазақстан облысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен түзету мектептерінің тәрбиеленушілері арасында «ДЕМЕУ ЖҰЛДЫЗДАРЫ» шығармашылық фестивалі бесінші рет өтуде. Бұл фестивальдің ұйымдастырушылары «Демеу» балалық шақ мәселелері жөніндегі үйлестіру орталығы» Жеке коммерциялық емес мекемесі болып табылады. Бас демеуші «Альфа» жарнамалық-өндірістік компаниясы болып табылады
Қазіргі уақытта 500-ден астам өтінім келіп түсті. Фестивальдің барлық қатысушылары назардан тыс қалмады, Демеу жұлдыздарының арасында жеңілгендер жоқ, тек жеңімпаздар бар.
Қазіргі уақытта 500-ден астам өтінім келіп түсті. Фестивальдің барлық қатысушылары назардан тыс қалмады, Демеу жұлдыздарының арасында жеңілгендер жоқ, тек жеңімпаздар бар.
Біздің адал еріктілеріміз болып табылатын М. Жұмабаев атындағы ІТ мектеп-лицейінің оқушылары ерекше көмек көрсетті.
Бұл іс шараның мақсаты:
* ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылығын дамытуды ынталандыру;
* балалар арасында шығармашылық байланыс орнату.
Фестивальдің міндеттері:
* талантты балаларды анықтау және оларға көркем шығармашылықпен айналысуға қолдау көрсету;
* балаларды облыстың мәдени өміріне белсенді қатысуға тарту;
* балалардың қоғамдық және күнделікті өмірдегі бейімделу дағдыларын дамыту және оларды одан әрі шығармашылық дамуға дайындау;
* балаларға жұртшылықтың назарын аудару;
* бұқаралық ақпарат құралдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылығын жариялау: