24 сәуірде тарих пәнінен облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция жеңімпаздары 8-сынып оқушыларына «Бүгінгі ұрпаққа Жеңіс тағылымы. Өткеннің тәжірибесі бүгінгі күннің қиындықтарын жеңуге қалай көмектеседі», «Соғыс психологиясы», «Соғыс балалары» тақырыптарында баяндама жасады. Мақсаты: Ұлы Отан соғысының тарихын ғылыми тұрғыдан ұғыну және жан-жақты қамту, жекелеген өңірлердің ортақ Жеңіске қосқан үлесі, жастар арасында тарихи оқиғаларға мазмұнды көзқарасты қалыптастыру, Ұлы Отан соғысына байланысты адамдардың тарихи жады мен ұрпақтардың оқиғаларын сақтау. Конференция диалог алаңы форматында өтті. Жеңімпаздардың баяндамасынан кейін оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.