ББЖМ

Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (бұдан әрі – ББЖМ) білім беру ұйымдарынан тәуелсіз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17769 болып тіркелген) бекітілген тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім алушылардың білім сапасын жүйелі бақылау болып табылады. ББЖМ кейіннен әдістемелік көмек көрсете отырып және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлей отырып, тестілеу нәтижелерін дайындауды және жүргізуді, өңдеуді және жүйелі талдауды қамтиды.
Нормативтік сілтемелер:
Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы