Батыр күні мен Жеңіс Күнін мерекелеу аясында "М. Жұмабаев атындағы ІТ мектеп-лицейі" КММ-де келесі іс-шаралар өткізілді:
-3 мамырда халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау —"Жұлдызды сәт!" үлкен концерті өтті.
-4 мамырда "Еркін ел ұрпағы" республикалық диктанты ұйымдастырылды. Үзілісте оқушылар спорттық ойындар ойнады. 8-сынып оқушылары "Кеңес Одағының Батырлары – қазақстандықтар" дөңгелек үстеліне қатысты, оны ОМО-дағы "Лидер" клубының өкілдері ұйымдастырды.
- 5 мамырда Батыр күні мен Жеңіс күніне арналған сынып сағаттары өтті. 10-сынып оқушылары ҚР Ұлттық ұлан академиясына барды.