Күн тәртібіне сәйкес 2024-2025 оқу жылының аяқталуын ұйымдастыру және қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Таева С.М. сөз алып, оқу жылының аяқталу мерзімімен, қорытынды бағалардың қойылу тәртібімен және 5-8,10-сыныптар бойынша өтетін аралық аттестаттау мен 9, 11-сыныптардағы мемлекеттік аттестаттау барысымен таныстырды.
Келесі кезекте оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді өткізу мақсатында ұйымдастырылатын мектеп жанындағы жазғы лагерь жоспарымен бастауыш сыныптар бойынша директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бакеева М. Т. таныстырды.
Балалардың қауіпсіздігі – біздің ортақ мәселеміз!» тақырыбында СҚО Психикалық денсаулық орталығының психологы – Якимова Ирина Ивановна; Петропавл қаласы әкімдігінің кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының хатшысы – Елена Николаевна Завьялова сөз сөйледі. Директордың тәрбие жөнінде орынбасары - Чернова Е. Н. жасөспірімдер арасында кездесетін құқық бұзушылықтар мен олардың салдары туралы айтты.
Сонымен қатар, оқушылардың жаз мезгіліндегі қауіпсіздігі – су айдындарында шомылу, көшедегі тәртіп, өрт қауіпсіздігі және интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлер туралы мәлімет беріліп, ата-аналарға балаларына үнемі бақылау жасаудың маңыздылығы ескертілді. Ата-аналарға баланың мінез-құлқына мән беру, бос уақытын қадағалау, достары мен араласатын ортасына назар аудару қажеттігі түсіндірілді. Ата-аналар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.
Жиналыс соңында мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз байланыс бала тәрбиесінің сапасын арттырудың басты тетігі екені атап өтілді. Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Ауганбаева З.Н. жиналыс шешімімен таныстырды.