11 қарашадан бастап "М.Жұмабаев атындағы ІТ- мектеп-лицей" КММ-де "Бала құқығы"онкүндігі аясында бірқатар іс-шаралар өтуде. Бастауыш сынып оқушылары "Менің құқықтарым мен міндеттерім" атты суреттерін дайындайды. Мектеп Парламенті әртүрлі сынып оқушылары үшін "Мен құқықтар мен міндеттер туралы не білемін" викторинасын өткізді. 11 қарашада 7-сынып оқушылары үшін сынып сағаттары өтті. Онкүндіктің мақсаты: оқушыларды ҚР Конституциясының, Бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі ережелерімен таныстыру, балаға өз құқықтары мен міндеттерінің бар екенін түсінуге көмектесу.