Бұл шара қоршаған ортаның маңызын түсіндіру, табиғаттың әр сәтіндегі сұлулықты байқау және экологиялық сананы тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
Көрмеге 5–11-сынып оқушылары белсенді қатысып, әрқайсысы объектив арқылы табиғатқа деген өзіндік көзқарасын ұсынды. Көптеген жұмыстарда туған өлкеміздің табиғи байлығы мен экологиялық жағдайы қатар көрініс тапты.
Фотокөрме «экология» ұғымының кеңдігін көрсетті. Бұл — тек қоқыс пен тазалық туралы емес, бұл — біз күнде көретін, сезетін, айналамыздағы тірі әлем.
Шығармашылықпен ерекшеленген, терең ойлы жұмыстар мектеп көрмесіне қойылып, үздік авторлар марапатталды.