5В сынып оқушысы Сапарғали Жанболат Атасы мен Әжесінің тәрбиесін көріп өсіп келе жатқан жеткеншек. Атасы лицейіміздің белсенді аталарының бірі “1 қазан Қарттар күніне” орай ұйымдастырылған шараға келіп қатысып, немересін бірден домбыра үйірмесіне жіберді. Немересінің бойына ұлттық құндылығымыз домбырамен күй шертуге,айтыс жанашыры болуға баулып келеді. “Ата көрген - оқ жонар” ,- деген қазақтың тамаша сөзі бар Жанболат оқушымыз ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп,Атасының өнегелі тәрбиесін көріп,Әжесінің айтқан ертегісімен есейіп келе жатыр. Жанболат болашақта Атасы мен Әжесінің үмітін ақтап, дәулескер күйші болатынына сенеміз!