М. Жұмабаев атындағы ІТ - мектеп-лицейде 5- сәуір күні «Ашық алаң» жобасы аясында "Сенімен Болашақ" қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облысы филиалының басшысы Жанат Мұхамеджановпен диалог форматындағы кездесуі өтті. Кездесуге 8- сынып оқушылары қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты - білім алушылардың пікір алысуға, болашақ мамандығын таңдауда жүйелі көзқарас қалыптастыруға, кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылысын оятуға бағыт беру.
Кездесу барысында Жанат Мұхамеджанов оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, өз ойларымен бөлісті.
Кездесу барысында Жанат Мұхамеджанов оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, өз ойларымен бөлісті.