2022 жылдың 22- қарашасында лицейіміздің мерейтойы аясында мектебімізде бастау алған "Ашық алаң" жобасының кезекті кездесуі 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Мектеп - лицей қонағы - Мағжан Жұмабаев атындағы Жоғары колледж директоры Жандильдин Ерлік Борисұлы. Кездесудің мақсаты - өңірімізге танымал тұлғаның өмірімен танысу арқылы оқушыларға мамандық таңдауға нақты бағдар беру. Ерлік Борисұлы кездесу барысында балалық шағы, туған жері, өз өмірінің қызықты сәттерімен бөлісті. Оқушылар да өз тараптарынан қызықтырған сұрақтар қойды. Кездесу әсерлі өтіп, Ерлік Борисұлының тәжірибелі де өнегелі өмірінен оқушылар өздеріне көп мағлұмат алды. Кездесу соңында мектеп басшысы Разея Ескендірқызы қонағымызға рахметін айтып, оқушыларға осындай кездесулердің тәрбиесі зор екендігін атап өтті.