«Ақындар айтысы» айлығының мақсаты: қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнер арқылы мәдениеттің баға жетпес мұрасы ретінде айтысты жан-жақты насихаттау, ұлттық рух пен патриотизмге, өз халқына және оның дәстүрлеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу, талантты шығармашыл жастарды анықтау. Осы орайда, Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейде жас таланттарды іріктеу кезеңіне дайындық басталды. Мектепте «Домбырамен ән салу» үйірмесінің жетекшісі Қарып Е.Т 5-7 сынып оқушыларына айтыстың негізгі мағынасын түсіндірді. Оқушыларға айтыстың түрлері, шығу тарихы, сөйлеу мәдениетіндегі алатын орны туралы айтты. Оқушылар ұлттық өнер, домбыраның қасиеті туралы құнды мәлімет алды.#АҚЫНДАРАЙТЫСЫ