Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады.
Бүгінгі ел Президентінің жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Барлық бағыттардың дамуы, ел тағдыры үшін маңызды. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей.
Ел Президенті өз жолдауында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынатындығын, қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатқандығын, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы бойынша жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайтынын тілге тиек етті.
Сондай-ақ, адам құқығын қорғау саласында маңызды қадамдар жасалып, әділдікті және заң үстемдігін орнату үшін ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқандығын айтып кетті.
Жолдау болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді. Ендеше Әділетті Қазақстанды бірге құрып, елдің әл-ауқатын жақсарту жолында жемісті жұмыс істеп, ерінбей еңбектенейік.