«Оқуға құштар» жобасы аясында «Абай жолы» романының
«Жайлауда» бөлімі бойынша эссе жазу конкурсының қорытындысы
«Абай жолы» романы бойынша 7-8-сынып оқушылары арасында «Жайлауда» бөлімі бойынша эссе жазу конкурсы өткізілді.
«Абай жолы» қазақ әдебиетінің інжу-маржаны.
Эссе конкурсының мақсаты: оқушылардың бойында көркем шығарманы оқу мәдениетін қалыптастыру, көркем шығарма бойынша өз ойын жеткізе алуға баулу, өзіндік пікірін білдіруге үйрету болып табылды. «Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицей» КММ-де өткізілген эссе жазу конкурсына 7 «В» және 8 «Ә», 8 «Г» сынып оқушылары белсенді қатысты.
Комиссия мүшелері оқушылардың жұмысын тексере отырып, келесідей қорытынды шығарды:
І орын – Тулегенова Амина 7 В
ІІ орын – Амантай Алдияр 7 В, Мусина Жанна 7 В, Нуран Альбина 8 «Г»
ІІІ орын – Есентай Ернар 7 В, Сагандыкова Даяна 8 Ә, Ташетова Аяжан «8»