Қазақстанның мәдениеті және дәстүрлерімен тереңнен танысу үшін "Абай жолын" оқыңыз.
Қазақ халқының болмысын тану үшін "Абай жолын" оқыңыз.
Ұлы Абайдың өмірі және шығармашылығымен танысу үшін М. Әуезовтың «Абай жолын» оқыңыз.
Құрметті ата-аналар мен 5-11 сынып оқушылары, күзгі демалыс кезінде сіздерге Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романын оқуды ұсынамыз. Екінші тоқсанның басында Сіздерді осы оқылған роман бойынша "Ең үздік оқырмандарды" анықтауға көмектесетін қызықты конкурстар күтеді.