Жалпы білім беретін 8-11 сынып оқушылары арасында "Абай оқулары" республикалық байқауының облыстық кезеңі 2023 жылғы 20 мамырда өткен болатын. Осы байқауға Мағжан Жұмабаев атындағы IT - мектеп- лицейдің 9-сынып оқушысы Шахатова Айгерим "Ұлылар әлемі" номинациясы бойынша қатысып, жүлделі 1-орын иегері атанды. Мұғалімі: Ауганбаева Зухра Нурмолдовна.
Республикалық кезеңде Айгеримге сәттілік тілейміз! Биік белестерді бағындыра бер!
Зухра Нурмолдовна, жеңісіңіз құтты болсын!