“Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы - заман тынысы, халық үні …” деп белгілі жазушы М.Әуезов қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын жоғары бағалаған. 10 тамыз ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күні. Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейінің кітапханашысы А.Е.Темирханова және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Абай - дана, Абай - дара” атты ағарту сәтін өткізді. Ұстаздар, оқушылар ақын шығармаларынан үзінді оқып, қарасөздерінің тәрбиелік мәнін талқылады.