Бүгін, 17 қарашада біздің лицейдің 7-8 сынып оқушылары "Алтын сақа" республикалық челленджін қолдады. Іс-шараның мақсаты -қатысушылардың спорттық және зияткерлік дағдыларын дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау. «Алтын сақаға» қатысу оқушыларға өздерінің төзімділігін, зияткерлік қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін көрсетуге мүмкіндік береді.