5 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері мерекесі. Ұлт көсемі,қазақ тілі білімнің атасы –Ахмет Байтұрсыновтың туған күнімен тұспа-тұс келген мерекені Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейіде атап өтті. Мерекенің ашылуы салтанатты сап түзеумен басталды. Оқушылар тіл туралы өлеңдер оқып,іс-шараның жоспарымен таныстырылды. Онкүндік барысында мектебімізде түрлі іс-шаралар өткізіледі,таңертен оқушыларды қарсы алып,мақал-мәтелдер сайысы,викториналар өткізіледі.