2023 жылғы 25 қазанда қаламыздың орталық алаңында сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицей мұғалімдерінің ұжымы ҚР Мемлекеттік Туын көтеру рәсіміне қатысты. Кейін облыс әкімі Г. Т. Нұрмұхамбетовтың қатысуымен концерттік бағдарлама өтті. Туған жерге деген сүйіспеншілік бізді әрқашан республикамыздың өркендеуі жолында жаңа жетістіктерге шабыттандырсын! Республика күні құтты болсын!