Тәуелсіздік күніне арналған сынып сағаттары. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "М.Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейі" 5-11 сыныптар аралығында сынып сағаттары өтті. Мақсаты: қоғамдағы дағдарыстық құбылыстардың негізгі себептерін және желтоқсан оқиғаларының себептерін анықтау, түсіну және бағалау. Оқушылардың тарихи фактілерді талқылау, талдау, өз пікірін нақты және дәлелді түрде айту қабілетін дамыту. 1-4 сыныптар аралығында Сынып сағатының мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің айтулы күндерімен танысу, қайталау. Оқушылардың зияткерлік деңгейін арттыру, туған ел тарихына танымдық қызығушылықты дамыту.