16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт дәстүр күніне орай 5”Ә” және 7”а” сыныбы тұсау кесу, ат қою дәстүрлерін ұсынды. Тұсаукесер – сәби бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң, қаз тұрып, тәй-тәй басқанда жасалатын дәстүр. Бала екі табанымен тұрып, алғашқы қадам жасауға талпына бастаған сәтте дана қазақ “баламыз тез жүріп кетсін” деген ниетпен, сәбидің тұсауын кестіріп, думандатын той жасайды.