Жалпы орта білім беретін мектеп пен Жоғарғы оқу орны арасындағы үздіксіз байланыс - білім беру үрдісіндегі өзекті мәселелердің бірі. Осы мақсатта Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицей" КММ Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетімен тығыз байланыста қызмет атқарады. Жоспарлы жұмыс бағыттарымыздың бірі тікелей қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасымен жүзеге асырылады. Атап айтсақ. оқушыларымыз СҚУ олимпиадасына, түрлі кездесулерге, кәсіптік бағдар мақсатындағы экскурсияларға барса, мұғалімдеріміз кафедра ұйымдастырған ғылыми-әдістемелік конференцияларға жүйелі қатысады. Кафедра оқытушылары, студенттері және мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері бірлесіп авторлық бағдарламалар жазады. Сонымен қатар, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша оқып жүрген студенттер мектебімізде өндірістік практикадан өтіп, алғашқы тәжірибелерін жинақтайды. Жазып жатқан дипломдық жұмыстарын мектебімізде сынақтан өткізеді, нәтижесінде өзектілігін дәлелдейді. Бұл жұмыс түрлері болашақта да жалғасын табатын болады.