18 желтоқсанда «Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейі» КММ облыстағы алғашқы «Жас сақшы» полиция сыныбының салтанатты ашылуы өтті. Мақсаты: патриотизмді, құқықтық мәдениетті және ішкі істер органдарында қызмет етуге кәсіби қызығушылықты тәрбиелеу. 7-сыныптан 28 оқушы полиция қызметкерлерінің жетекшілігімен құқық, криминалистика және өзін-өзі қорғау негіздерін меңгереді. Оқушыларға арнайы киімдер берілді. Курсты аяқтағаннан кейін оқушыларға мамандандырылған жоғары оқу орындарына түсуге көмектесетін сертификаттар беріледі. Салтанатты ашылу рәсіміне полиция бастығы генерал-майор Қабдұлдинов А. Т. қатысып, оқушыларды Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының бастығы Сұрағанова А. А. құттықтады.