Іс-шараның мақсаты — балаларға мемлекеттік тілге құрметпен қарауды, ана тіліне сүйіспеншілікті дарыту, сондай-ақ басқа халықтардың тілі мен мәдениетіне толерантты қатынас қалыптастыру.
Мереке барысында балалар өлең оқып, ән шырқады.
Іс-шара тілдерге деген қызығушылықты дамытып қана қоймай, жас ұрпақтың бойында достық пен бірлік сезімін қалыптастыруға ықпал етті.
Тіл — келісімнің негізі, бірліктің бастауы!
