2025 жылғы 01 наурыз күні "Оқушылар сарайы" КММ "БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫН САБАҚҚА ЕНГІЗУ ЖОЛДАРЫ" тақырыбында ұйымдастырылған республикалық семинардың пленарлық отырысы өтті. Аталмыш шарада "Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицей" КММ директоры Касенова Бикеш Жанузаковна Қазақстанның болашағы - жас ұрпақтың тәрбиесіне, олардың жүрегіне елге деген сүйіспеншілік пен патриотизмді ұялату жолында қосқан үлесі үшін ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды.
Тиімді басқару – білікті басшыдан. Мектебіміздің өсіп-өркендеуі жолында Бикеш Жанузаковнаның басшылығымен әлі талай асулардан асып, белестерді бағындыратынымызға сенімдіміз. Марапатыңыз құтты болсын!