2025 жылғы қазан айының 30-ы күні "Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицей" КММ-де қала мектептерінің жас мамандарына арналған "Табысты сабақ – сапалы білім кепілі" тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – жас педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, тиімді сабақ жоспарлау жолдарын меңгерту, оқу мақсаттарын дұрыс саралап, қысқа мерзімді жоспар құрылымын сауатты құруға бағыт беру.
Семинарды директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бакеева Мөлдір Туғанбайқызы ашты.
Іс-шара барысында жас мамандар қысқа мерзімді жоспар құрылымы, оқу мақсаттарының иерархиясы мен сабақ беру стратегияларымен танысты. Тәжірибелі ұстаздар Биказинова Бибігүл Ермекқызы мен Атакулова Гүлнұр Садуақасқызы практикалық мысалдар ұсынып, тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісті.
Семинар педагогтерге тәжірибе алмасуға, өзара пікірлесіп, кәсіби қолдау алуға үлкен мүмкіндік берді. Шара соңында жас мамандар алғыстарын білдірді
