Мұғалімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және ұжымдық рухты нығайту мақсатында 2025 жылдың 26-28 наурыз аралығында «Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицей» КММ Петропавл қаласының мұғалімдері арасында Спартакиада өткізді. Шараға қаладағы 26 білім беру мекемесінен командалар қатысты.
Мұғалімдер дене шынықтыру дайындығын, жеңіске деген құлшынысын және ұжымдық жұмысының жоғары деңгейін көрсетті. Әсіресе, волейбол мен арқан тартудың финалдық ойыны өте әсерлі әрі тартысты өтті.
Ұйымдастырушылар: «Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстан салалық кәсіптік одағының Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Петропавл қалалық комитеті» филиалы.
Демеушілер: «Аманат» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы; «Қазақстанның Республикалық әкелер қауымдастығы» республикалық қоғамдық ұйымының филиалы.
28 наурызда жабылу салтанаты өтті.
«Ұстаз-2025» Спартакиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері
Жалпы команда:
1 орын: «Мағжан Жұмабаева атындағы IT-мектеп-лицей» КММ
2 орын: «Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы» КММ
3 орын: «Әлихан Бөкейхан атындағы № 25 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Волейбол:
1 орын: «Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы» КММ
2 орын: «Әлихан Бөкейхан атындағы № 25 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
3 орын: «Мағжан Жұмабаева атындағы IT-мектеп-лицей» КММ

Шахмат:
1 орын: «Әлихан Бөкейхан атындағы № 25 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
2 орын: «№13 орта мектебі» КММ
3 орын: «Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ


Тоғызқұмалақ:
1 орын: "БЭСТ Гимназиясы "КММ"
2 орын: «Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы» КММ
3 орын: «№13 орта мектебі» КММ

Үстел теннисі:
1 орын: «Мағжан Жұмабаева атындағы IT-мектеп-лицей» КММ
2 орын: «Арнайы мектеп-интернаты №1» КММ
3 орын: «№23 орта мектебі» КММ


Арқан тарту:
1 орын: «№8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешені» КММ
2 орын: «Мағжан Жұмабаева атындағы IT-мектеп-лицей» КММ
3 орын: «Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы» КММ

Дартс:
1 орын: «№26 мектеп-балабақша» КММ
2 орын: «№12 орта мектебі» КММ
3 орын: «№28 орта мектебі» КММ
Спартакиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағаздарымен, медальдармен және кубоктармен марапатталды. Жалпы командалық есепте «Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицей» КММ командасы жоғары спорттық шеберлік пен командалық рухты көрсетіп, жеңімпаз атанды.