2024 жылдың 13 наурызында "М.Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицей" КММ-де кезекті жалпы мектептішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Тақырыбы: "Ата-аналар мектебі. Баланың қауіпсіздігі-маңызды компонент " (физикалық және психологиялық денсаулық).
Жиналыстың мақсаты: балалардың өмір қауіпсіздігі мәселелерінде ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыру
Міндеттері:
- мектеп жасындағы бала үшін ықтимал қауіптер туралы ата-аналардың білімін қалыптастыру;
- балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау;
- ата-аналардың баласының қауіпсіздігі үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Мектеп директоры Касенова Бикеш Жанұзаққызы кіріспе сөз сөйлеп, ата-аналарды мерекемен құттықтап, жиналыстың күн тәртібімен таныстырды. "Қорытынды аттестаттауға дайындық туралы. Алда ауысу емтихандары!" директордың ОТІ жөніндегі орынбасары Ж. И. Жамулдинова және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б. Е. Жүзен таныстырды. Ары қарай педагог-психологтар "Мен өз баламды жақсы көремін!" тренингін өткізді. Оның барысында ата-аналарға кейстер ұсынылып, бірлескен шешімдер таңдалды. "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу" «Буллинг және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбы бойынша ювеналды полиция бөлімінің аға инспекторы полиция капитаны Д. Е. Мұқанова сөз сөйледі. СҚО ТЖД бас маманы азаматтық қорғау капитаны Рүстем Ернар Серікұлы баланың қауіпсіздігі (өрт қауіпсіздігі, су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік, суда шомылу) туралы мәселені атап өтті. Ата-аналарға жадынамалар берілді. Шешімді Қамқоршылық кеңестің өкілі Н.А. Дәулетбаева жариялады