3-7 наурыз аралығында «Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп– лицей» КММ оқушылары үшін «Сен ең жақсы анасың!» атты ашық хаттар жасау бойынша шеберлік сыныбы өтеді. Арнайы, жекелендірілген құттықтау карталары жақын адамдарыңызға сүйіспеншілік пен қамқорлық көрсетудің белгісі. Әрбір анаға баласының шын жүрегімен, өз қол еңбегімен жасаған құттықтауын қабыл алу өте ерекше әсер береді!