Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінде ата-аналар волейбол лигасы өз мәресіне жетті. 1-11 сынып оқушыларының ата-аналары қатысқан бұл бірегей спорттық жоба қыркүйек пен наурыз айлары аралығында әр сенбі сайын өтіп, қатысушыларға тек волейболдық шеберлік пен жарыс рухын ғана емес, сонымен қатар бірліктің маңыздылығын да көрсетті.
15 наурыз күні өткен ақтық сайысқа 3 «В», 5 «Ә» және 9 «Б» сыныптарының командалары қатысты. Финалдық ойынның салтанатты ашылуында мектеп-лицей директоры, Касенова Бикеш Жанузаққызы, сөз сөйлеп, мұндай іс-шаралардың «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ата-аналар, оқушылар мен мектеп арасындағы байланысты нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.
Турнирге демеушілік көрсеткендер:
«ForteBank» АҚ
Мектептің қамқоршылық кеңесі,
Ата-аналар комитеті,
Жеке кәсіпкер.
Жүлде қоры:
3-орын – «Технодом» дүкеніне 100 000 теңгелік сертификат
2-орын – 150 000 теңге көлеміндегі проектор сатып алу қаражаты
1-орын – «Art Lazer» жарнама агенттігіне 200 000 теңге
Финал басталар алдында мектептің «Гимнастика», «Хореография» және «Вокал» үйірмелеріне қатысатын оқушылар өнер көрсетіп, мұғалімдер «Біртұтас тәрбие» гимнін орындады.
Жеребе тартылғаннан кейін ойын басталып, алғашқы минуттардан-ақ қатысушылар жеңіске деген жігерін көрсетті. Жылдам шабуылдар, дәл соққылар, қызу тартыс пен керемет көңіл-күй – бұл матч шын мәнінде тамаша спорттық оқиғаға айналды!
Турнирдің нәтижелері:
1-орын – 9 «Б» сыныбының командасы
2-орын – 5 «Ә» сыныбының командасы
3-орын – 3 «В» сыныбының командасы
Турнирдің басты жетістіктері:
Ата-аналар балаларға салауатты өмір салтының үлгісін көрсетті
Достық, өзара түсіністік және командалық рух қалыптасты
Мектеп пен отбасы арасындағы байланыс нығайды.
Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз! Өз командаларын қолдаған жанкүйерлерге, оқушыларға, мұғалімдерге және ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз. Келесі жылы жаңа жарқын сәттерді асыға күтеміз!