2024 жылдың 5 қарашасында «М.Жұмабаев атындағы ІТ мектеп-лицейі» КММ-де «Петропавл қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімі» РММ-нің бас маманы Б.С. Есенгалиевамен Ұйымдасқан топтарда тамақтан уланудың алдын алу тақырыбына көшпелі семинар өткізілді. Мақсаты: әртүрлі этиологиялы тамақтан улану туралы білімді жүйелеу, тамақтан улану жағдайларын зерттеу әдістеріне және алдын алу шараларын жүргізуге үйрету.