Бүгін, 28 қазан мектебімізде І тоқсан қорытындысы бойынша кезекті педагогикалық кеңес отырысы өтті.
Күн тәртібінде екі маңызды мәселе қаралды:
1️⃣ I тоқсанның қорытындысы және оқу нәтижелерін талдау;
2️⃣ «Қауіпсіз білім беру ортасы: оқушылар мен олардың ата-аналарымен тәрбие жұмысының стратегиясы» тақырыбындағы бағыттық талқылау.
Отырыс барысында мұғалімдер оқу сапасын арттыру, оқушылардың жетістіктерін талдау, ата-аналармен тиімді байланыс орнату және қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыру мәселелерін талқылады.
🩵 Қабылданған шешімдер:
1️⃣ I тоқсан қорытындысы бойынша:
Білім сапасын арттыру мақсатында пән мұғалімдеріне оқу олқылықтарын жою бағытында қосымша жұмыс ұйымдастыру тапсырылды.
Резервтегі оқушылармен жеке жұмыс жүргізіліп, олардың білім нәтижелерін көтеру бойынша нақты іс-шаралар жоспары әзірленетін болды.
Сынып жетекшілері ата-аналармен бірлесе отырып, оқу мотивациясын арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізетін болды.
2️⃣ «Қауіпсіз білім беру ортасы» мәселесі бойынша:
Педагогтар топтарға бөлініп, түрлі жағдаяттық тапсырмаларды орындады. Әр топ берілген жағдаятты кім шешетінін анықтап, мәселені шешу жолдарын талқылады және іс-әрекеттің кезең-кезеңімен алгоритмін әзірледі.
Сонымен қатар, мұғалімдер мен сынып жетекшілеріне мектеп тәжірибесінде қауіпсіз мектеп ортасын құру мақсатында әзірленген алгоритмдерді қолдану ұсынылды.
🔹 Педагогикалық кеңес нәтижесінде ұжымның жаңа міндеттері айқындалып, оқушылардың сапалы білім алуы мен қауіпсіз ортада дамуы үшін нақты бағыттар белгіленді.
📍 Біздің мақсат – сапалы білім мен қауіпсіз, мейірімді мектеп ортасын қамтамасыз ету!
