31 наурызда «3-тоқсанның қорытындысы бойынша білім сапасын талдау» және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын оқу үрдісіне енгізу» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті.
Мақсаты: білім беру мекемелерінде оқушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін тұтас тәрбие жүйесін қалыптастыру. Бұл бағдарлама оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін, ұлттық құндылықтарын, әлеуметтік жауапкершілігін, мәдени сауаттылығын және тұлғалық дамуын үйлесімді ұштастыруды көздейді.
Педагогикалық кеңестің басында мектеп директоры Қасенова Бикеш Жанұзаққызы сөз алып, ұжымды 4-тоқсанның басталуымен құттықтап, табыс тілеп, күн тәртібін жариялады. Бірінші мәселе бойынша директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Манкошев Жандос Нұржанұлы сөз сөйлеп, 3-тоқсандағы білім сапасын 2-тоқсанмен салыстыра отырып саралады. Білім сапасын арттыру үшін оқушыларды ынталандыру және қолдау қажет екендігіне баса назар аударылды.
Екінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Сұлтанова Гүлім Мұратқызы мен Чернова Екатерина Николаевна сөз сөйлеп, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын оқу үдерісіне енгізу жолдары бойынша мұғалімдермен жұмыстың белсенді әдістері мен формаларын ұйымдастырды. Негізгі бөлімде мұғалімдер топтарға бөлініп, сабақтың белгілі бір бөлігінде әртүрлі сабақтарда бағдарламаны жүзеге асыру жолын өз бетінше әзірледі.
Шешімі:
1.Білім сапасын жетілдіру бойынша жұмыс түрлерін жалғастыру. Резевртегі оқушылармен жұмыс түрлерін ұйымдастыру. Екілік баға алған оқушылармен жеке жұмыс жоспарын әзірлеп, қосымша сабақтар, кеңес беру және бақылау жұмыстарын ұйымдастыру.
2."Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру аясында сабақтарда әртүрлі жұмыс түрлерін қолдану және енгізу.